Ақтөбе облысындағы 6 ірі елді мекен цифрлық ақпарат тарату жүйесіне қосылған
Заманауи технологиялар шалғайдағы ауылдарда оннан астам телеарнаны тамашалауға мүмкіндік береді. Мамандар цифрлық жүйе әзірге облыстың 72 процентін қамтығанын жеткізді.
Талғат Таңбаев, телеарна инженері:
-Бейне және дыбыс сапасы өте жақсы FullHD форматқа дейін көрсетуге болады. Ішінде телебағдарламалар кестесі бар. Телебағдарламаларды көшіріп, артынан қарауға болатындай ішінде функциясы бар.
Рақымжан Жандосов, облыстық радио, телехабар тарату дирекциясы директорының орынбасары:
-Бұл елді мекендерде бұрын 4 арнаға дейін берілді. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында 30 каналға дейін, ал кішкентай елді мекендерде 15 каналға дейін көрсетіліп жатыр.