Семейде оқушыларға арналған робототехника орталығы ашылды
Мәселен, балаларды қызықтыру үшін сенсорлық моноблог, робототехника жинағы, модельдерді құюға арналған 3Д принтер және роботтар ойнайтын футбол алаңдары жасақталған. Мұның барлығын балаларға қайырымдылық қоры табыс етті. Жобаның жалпы құны 26 млн теңге. «Енді мектеп оқушылары ғылыми-техникалық және инновациялық индустрия саласында тегін білім алуға мүмкіндік алады», – дейді ұстаздар. Айта кетейік, елімізде мұндай инновациялық үш орталық жұмыс істейді.
Андрей Брик, роботехника және бағдарламалар пәнінің оқытушысы:
-Бұл соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар болғандықтан, балалардың қызығушылығы өте жоғары. Олар жаңашылдыққа құмар келеді. Біз 6 жастан бастап 18 жасқа дейінгі әртүрлі топтағы балаларды қамтимыз. Бірнеше деңгейге бөліп үйретеміз. Бірінші сабақ – дизайн, екіншісі – бағдарламалау, одан кейін - 3D форматында модельдеуді меңгереміз. Соңғысы жасөспірімдер мен үлкендерге арналған.