Елімізде зағиптарға арналған брайль қарпіндегі кітаптар мен оқулықтар жетіспейді
Алматыда өткен «Арнайы кітапханалар және Байтұрсынов әлемі» атты жас кітапханашылардың алтыншы басқосуында осындай мәселе көтерілді. Оған ғалымдар, кітапхана ісінің мамандары мен оқырмандар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Жалпы елімізде көзі нашар көретін азаматтарға арналған 7 облыстық және 5 қалалық арнайы кітапханалар жұмыс істейді. Жиында кітапханашылар мәртебесін арттыру жайында сөз болды.
Асхат Байұзақов, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың директоры:
-Кітаптар қоры Кеңес үкіметінен қалған қор болатын. Бірақ соңғы екі жыл ішінде жақсы ауқымды кітаптарымыз кітап қорын толықтырып, жайпақ баспада да, браль қарпінде де кітаптар, аудио таспалар да, балаларға арналған кітаптарды биыл алып, қорымыз толтырылып жатыр.