Жамбыл облысында жөнделген жол жобалық сметалық құжатқа сәйкес келмейді
Айтуларынша, былтыр бөлінген - 60 млн теңгеге 7 шақырым жол жөнделуі тиіс еді. Бірақ мердігер 2 шақырымға ғана асфальт төсепті. Ал жауапты бөлім басшысы: «Қаржы жарамсыз деп табылған 4 шақырымға ғана бөлінді» — дейді. Әкімдік атқарылған жұмысты қабылдап та қойған. Қалған бөлігіне жамау жұмыстары ғана жүргізілген. Сондықтан қоғамдық кеңес мүшелері тексеріс жүргізуді талап етіп отыр. Енді істің ақ-қарасын құзырлы орган анықтамақ.
Талғат Қуатбеков, Қоғамдық кеңестің мүшесі:
-Проектік сметалық құжат бойынша толығымен бұлар асфальт төсеуі керек еді. 4 км-дің жаңағы 2 км асфальт төсеген, қалған жерінде бұрынғы міне совет үкіметі кезінде төселген асфальт. Енді қазір айтады, жаңағы баға өсіп кетті деп қайтадан 46 млн тг сұрап отыр. Бұл деген заңсыз ғой.
Қайрат Жатқанбаев, Жуалы аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
-Кіру жолы 7,610 шақырымды құрайды. Оның ішінде жарамсыз деп танылған участок 4 км асады. Сол жолға тегіс асфальт салынды. 47 млн ештеңке сұралған жоқ. Толық 60 млн 158 мың теңгесі толық игеріліп, жол аяқталды.