Атырау облысында мыңдаған азамат жұмыссыз қалуы мүмкін
Мамандар 2024 жылға дейін 40 мыңға жуық жұмысшы қысқарады деп болжап отыр. Олардың жартысына жуығы – атыраулықтар. Тек Жылыой ауданында жыл басынан бері 600-ге жуық жұмыссыз тіркелген. Қысқарту әлі де жалғасып жатыр. Бүгінде жергілікті билік ұлттық жобалар шеңберінде бағдарламалар ашып, жергілікті тұрғындарды күнкөрістен айырмау шарасын қолға алған.
Сандуғаш Құрманғалиева, аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы:
Қазіргі таңда аудан бойынша 3174 адам жұмыссыз тіркеліп тұр. Соның 703-ін тұрақты жұмысқа орналастырдық. Ал 529 адам біздер уақытша жұмысқа тартылды. Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындары бар, қоғамдық жұмыстар тағы да «Ұрпақтар келісім шарты», «Күміс жас» деген бағдарламалар бар. Сол жұмыстарға мына босатылғандарды тартудамыз.