Ақтөбеде саудагерлердің арбауына түскен зейнеткер дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған
Валентина Калиниченко жұбайын ертіп барған. Қымбат аппаратты несиеге рәсімдеп, қосымша сыйлығын да алғанын екеуі де үйіне жеткеннен кейін түсініпті. Құжаттарды зерделеп, қаржы институтына қайтарар сома млн теңгеден астам екендігін білгенде жүрек талмасына ұшырап, аурухананың реанимация бөліміне түскен. Қазір ол қажетсіз бұйымды кейін қайтарып, қарыздан құтылу жолын іздеп жүр.
Николай Калиниченко, қала тұрғыны:
-«Мына тұсқа қол қойыңыз. Сыйлықты алғандығыңызды растап та қол қойып кетіңіз», — деп асты-үстімізге түсіп жүрді. Әдетте ауруханада немесе мемлекеттік қызмет көрсету орындарда құжатты оқымай қол қоя саламыз ғой. Сөйтсем, несие рәсімдеп бір миллионнан астам берешек етіп қойды.
Жұмамұрат Алдашев, облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы:
-Департаментке Ақтөбе облысының тұрғындары тарапынан 12 арыз келіп түсті. Бүгінгі күні сол арыздардың 50% жоғарысына көмектесіп, наразылық хат дайындауға көмектестік, консультациялық кеңес бердік. Көбісі сол ұялы телефон мен қосымшаларын қалай қолданатынын білмейді. Соның нәтижесінде олар алданып қалып жатыр.