Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен салынған көпқабатты үйдің сапасы сын көтермейді
Тұрғындар мердігер мекеменің кепілдік мерзімі аяқталмай жатып қайта жөндеу жүргізіп беруін талап етіп отыр. Өйткені күн суытып, салқын түссе жылуға жарымай қаламыз ба деп алаңдайды. Тұрғындардың базынасы құрылыс басқармасының өкілдеріне жақсы таныс. Бұл мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Арнайы тексерістен кейін мердігерге қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу тапсырылған.
Нұрила Үсенқызы, қала тұрғыны:
- Сапасыз салынған үй деп осыған дейін айтылған. Өздері де мойындаған. Келесі бөлмеде терезенің астынан жаңбыр жауған кезде үйге су ағады.
Ердәулет Әжібаев, қалалық құрылыс бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:
- Бұған дейін жарықтар болған қабырғада. Сонымен қатар терезелерден жел үрлейді. Ондай жұмыстар бойынша мердігерге уақытылы тапсырма берілген.Мердігер мекеменің мамандары барып, әр пәтерді аралап, қандай да бір кем-кетіктер болатын болса 5 жыл кепілдеме мерзіміне сәйкес қайта қалпына келтіруге олар дайын.