«Самұрық-Қазына» қорына кез келген азамат еш кедергісіз жұмысқа орналаса алады
Оның айтуынша, ашықтық пен айқындық — қордың жаңа ұстанымы. Барлық бос орындар Samruk Qyzmet ашық порталына шығарылады. Үміткер түйіндемесін жолдағаннан бастап еңбек келісімшарты жасалғанға дейінгі процесс толықтай автоматтандырылды. Бұл адам факторы мен сыбайлас жемқорлықты жою үшін жасалыпты.
Ғибрат Ауғанов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры:
-Платформа іске қосылған уақыттан бері 20 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланса, биылғы жылдың басынан бері жарияланған бос орындар саны 11 мыңнан астам. Осы платформа арқылы 7 мыңнан астам адамды біз биыл жұмысқа орналастырдық.