Маңғыстау облысында бекірені заңсыз аулағандар ұсталды
Осылайша, 220 млн теңге көлеміндегі шығынның алдын алған. Қазіргі уақытта Каспий маңы мемлекеттері шегарашыларымен бірлескен шарасының екінші кезеңі өтіп жатыр. Қазан айы басталғалы 4 күдікті ұсталып, оларға 122 мың теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ 4 қайық пен жалпы ұзындығы 27 шақырымнан асатын ау тәркіленді.
Рүстем Ысмайылов, ҚР ҰҚК ШҚД Жағалау күзеті басқармасының маманы:
- Көрші елдердің шегара қызметімен бірлескен іс-шара Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігін сақтауға бағытталған. Қыркүйек айында жүргізілген бақылау рейді кезінде шегара режимін бұзған 14 күдікті ұсталды. Жалпы ұзындығы 11 мыңнан астам ау-торлар мен 9 қайық тәркіленді. Тірі күйде болған 160 жуық бекіре тұқымдас балықтар теңізге жіберілді.