Шымкентте су құрамынан зиянды қалдықтар табылды
Шектен тыс химиялық қоспасы бар сарқынды су іргелес зауыттан ағып келгені анықталған. Бұл каналдан бау-бақша мен егістік алқаптар су ішеді. Алайда тұрғындар кенеттен арыздарын кері қайтарып алғандықтан, экология департаментінің өкілдері кәсіпорынға айып таға алмай отыр.
Ермахан Қозыбаев, қалалық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:
- Анализдің негізінде фосфаттар, нитрадтар, хлоридтердің белгіленген шектік мөлшерден асу фактісі анықталды. Егер арызданған тұлға қайтып арызын қайтаратын болса, бізге оны қарауға мүмкіндік жоқ. Сондықтан біз арызда көрсетілген мекемеге қандай да бір хаттама толтырып, әкімшілік айыппұл салып, тексеріс жүргізуге мүмкіндік жоқ.