Ақтөбе облысының тұрғыны алаяққа 3,5 млн теңгеге алданды
Себебі қоңырау шалушы оның атына бәзбіреулер 4 рет несие алуға тырысқанын айтып, есепшотын қорғау қажеттігін ескерткен. Өзіне хабарласқан адамның алаяқ екенін білмеген аудан тұрғыны хабарламамен келген кодты айтып бере салған. Нәтижесінде оның картасындағы барлық қаражат басқа банктің шотына аударылған.
Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Жалпы шығын 3 млн жарым теңгеден астам. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 193 бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеруді бастады. Қоңырау шалушыны анықтау бойынша іс шаралар жүргізіліп жатыр.