Қобда ауданында тасқыннан зардап шеккендерге алғашқы он үй салынды
Ақтөбе облысының Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан алғашқы он үй дайын. Өңірде қазір 15 мердігер мекеме ертелі-кеш дамылсыз еңбек етіп жатыр. Себебі 147 отбасы қоныстойын асыға күтіп жүр. Дені ішкі қабырғаларын сырлап, бөлмелеріне есік орнатып жатыр.
Басты міндет – жаңа баспаналардың кілтін қыркүйекке дейін иелеріне табыстау. Құрылыс сапасын жергілікті билік пен техникалық бақылау жүргізетін арнайы мамандар қадағалайды. Бұдан бөлек тұрғындар тарапынан қоғамдық бақылау бар.