Балқаш қаласының әуежайына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Мамандар да жетіспейді. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық нысанды кешіктірмей қаланы дамытудың кешенді жоспарына енгізуді тапсырды. «Келешекте әуе рейстері көбейсе, көкше көлге баратын туристердің де саны артады», — деді Мемлекет басшысы. Балқаш қаласының әуежайы өткен ғасырдың 30-жылдары салынған. 90-жылдары мұнда тәулігіне 70-тен астам рейс ұшқан екен. Ал қазір Алматы мен Астанаға қатынайтын екі рейс қалған. Әуежайды түгел жаңартуға шамамен 4,5 млрд теңге қажет.
Мейрамбек Мырзахметов, Балқаш әуежайының басшысы:
-Үлкен ұшақтардың өзінің талабы бар. Үлкен ұшақтарды қабылдау үшін техниканы да өзгерту керек. Біздің қазіргі қабылдайтын ұшақтарымыз III, IV класс ұшақтары, күрделі жұмыстан өтпегендіктен үлкен ұшақтар біздің алаңға келе алмайды.
Қазбек Мақышев, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:
-Балқаш қаласының әуежайын қазір біз жекеменшіктен облыстық коммуналдық меншікке алдық. Біздің мақсатымыз осы әуежайдың ғимаратын, ұшақтар қонып, тоқтайтын тұрақты, перронды, сонымен қатар бұру, жүру жолы деген бар, соны күрделі жөндеп, қайта жаңартудан өткізу болып табылады. Қаржы әлі бөлінген жоқ. Қазір министрлікпен бірге сол мәселені пысықтаудамыз.