Өскеменде 10 жыл қаңырап тұрған білім нысанына жөндеу жүргізіліп жатыр
Естеріңізге салсақ, 2011 жылы қалада машина жасаушыларды оқыту орталығы салына бастаған. Нысан сол беті қолданысқа тапсырылмай, қараусыз қалған. Өйткені жобаға бөлінген қаражаттың 900 млн теңгесі талан-таражға түскен. Нысанға сараптама жасалып, оны қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Интернат Президент жолдауында айтылған «Жайлы мектеп» жобасы талаптарына сай үлкен кешен болады. 2024 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған.
Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:
-700 бала қаладан келеді, екі жүзден астам ауылдан әкелеміз. Арнайы мектепке тамаша мұғалімдер әкелуіміз керек. Бұл бірінші айырмашылық. Екіншіден айырмашылық тамаша қазақ тілі, жақсы ағылшын, орыс тілін білу керек.