«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Бұл жолы 2542 отбасы бәйгеге түскен. Олар ең әуелі облыстық іріктеуде бақ сынады. Әр өңірден 20 отбасы республикалық кезеңге өтіп, жеңімпаз атанды. Бедел биігінен көрінгендерге қарап отырып, өнегелі отбасының керегесі алтын екенін ұғынуға болады. Еңбек пен тәртіп, мейірім мен махаббат, ізгілік пен парасат салтанат құрған отбасылар қашанда көпке үлгі.
Таңшолпан Ерманова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басқарма басшысы:
-Жалпы отбасылар видео және конкурстық тақырыпта эссе жолдады. Отбасылардың басты критерийі ол – ең бірінші әулет, отбасы болу керек. Мысалы, бізде қаншама жыл еңбек еткен металлург отбасылар бар. Былтырғы жылғы «Мерейлі отбасының» ережелеріне өзгерістер енгізілді. 2014-2019 жылдары жеңімпаз 1 отбасы ғана болса, қазір барлық әр өңірден шыққан отбасылар жеңімпаз болып табылады.