2025 жылға қарай дәрі экспорты 5 есе артады
Дәл қазір 100-ге жуық өнім сыртқа сатылады екен. Енді инвестиция тарту арқылы өндірісті ұлғайту көзделуде. Сәйкесінше, позиция саны 500-ге дейін арта түседі.
Ерхат Есқалиев, «Ск-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы:
-Біздің мақсат – дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтарды өндіретін хабқа айналу. Бұл процеске зертханалардың, университеттердің, тіпті студенттердің де қатысуы маңызды. Олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаудамыз. Өзге орталықтарда осы іске асырылып, тиісті қолдау жасалады. Сол арқылы отандық өндірушілер өз өнімін көбейте түседі.