Хабар телеарнасы

ШҚО жылуға жарымай отыр

Жан-жақтан жиналған мамандар бірінші және үшінші қазандықтарды жөндеп жатыр. Ал екінші, үшінші қазандықтардан тарайтын жылу температурасы 40 градусқа көтерілген. Соған қарамастан Риддер тұрғындары әлі де жылуға жарымай отырғандарын айтып шағымдануда. Облыс басшысы болса, бұл жағдайға қыс қамын ойламаған мекемесінің жетекшілерін кінәлі деп есептейді. Даниал Ахметовтың айтуынша, талай жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген көне жылу орталығының жабдықтары 90% тозған.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:
-Кәсіпорын басшылығы жылу станциясына мүлдем салғырт қараған. Жөндеу жұмыстарының сапасы сын көтермейді. Енді солай болды деп қарап отыра алмаймыз. Сондықтан бұл нысанды мемлекет меншігіне алу жолдарын қарастырумыз керек.