Риддердегі жылу орталығында тағы бір ақау шықты
Алайда түн ортасында №6 қазандық апатты жағдайда тоқтап қалған. Салдарынан пәтерлер қайтадан суыды. Қазір 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Естеріңізге салсақ, апта басында Риддер қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Дмитрий Горьковой, Риддер қаласының әкімі:
- Қазір жөндеу жұмыстары жедел түрде жүргізіліп жатыр. Ол аяқтала сала қазандық қайта іске қосылатын болады. Жеткізу температурасы 56-43 градус аралығында. Тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамын. Барлығы бақылауда.