Отбасы бақыты - сәби сүю
Репродуктивті медицина қауымдастығының халықаралық конгресіне жиналған сала мамандары осылай дейді. Айтуларынша, қазір ерлер арасында бедеулік жиі анықталады. Сәби сүюді аңсағандар қолдан ұрықтану тәсілдеріне жүгінуге мәжбүр. 27 жылда «шыны түтіктен» 30 мыңға жуық бала дүниеге келген. Әлем бойынша өзекті мәселеге айналған бұл жайтқа экология, дұрыс тамақтанбау, денсаулығына бей-жай қарау сияқты факторлар әсер етеді. Білікті дәрігерлер жұптар бірге емделсе, оң нәтижеге тезірек жетуге болады деген пікірде.
Салтанат Байқошқарова, репродуктолог:
Дүние жүзі бойынша ер адамның да, әйел адамның да ұрығының сапасы төмендеп келеді. Адам өзінің қолынан келетін мүмкіндіктерді қолдануы керек. Жастау кезде ұрпақты болуға тырысу керек. Ертеңгі күні ЕКҰ-ға жүгінбей, табиғи түрде ұрпақты болуға тырысу керек.