Хабар телеарнасы

Ауылдағы медициналық инфрақұрылымның жартысы тозған

Келер жылы бұл мәселе шешімін табады. Ауылдарда 700-ге жуық медицина нысаны ашылады. Облыстық әкімдіктермен жер телімдерін беру жөнінде тиісті жұмыс атқарылған. Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органдар тарапынан инженерлік желілерді тартуға да қаржы бөлінеді. Бұл ауқымды жобада телемедицина да қарастырылған. Сондықтан әкімдіктер сапалы интернетпен қамтуы тиіс. 

Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі:
-2 жыл ішінде ауылдық жерлерде 655 ғимарат жаңадан бой көтереді. 2024 жылға дейін 32 аудандық орталық аурухана жаңғыртудан өтеді. Бұл нысандарға 300-ге жуық медицна маманы қажет болады. Оның 54-і дәрігер.