Шымкентте жанармай құю бекеттері дизель тапшылығын қолдан жасаған
Мекемеге тиесілі жанар-жағармай стансалары жаз айларында сұйық отынды аз көлемде саудалап, тек талонмен үлестіру үрдісін ұстанған. Салдарынан қоғамдық резонанс туындап, көлік жүргізушілерінің құқығы бұзылған. Мамандар мониторинг кезінде қитұрқы әрекеттерді әшкерелеп, қос мекемеге хабарлама жолдаған.
Нұрболат Әлиақбаров, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қалалық департаментінің бөлім басшысы:
- Олардың іс-әрекетінде дизель отынын беру кезінде шектеу орын алды. Қазіргі таңда ТОО «Гелиос» және ТОО «Sinooil» филиалдарынан хаттар келіп түсті. Заңбұзушылық белгілерімен келіспей отырғанын баяндады. Айтылғандарды негізге алып, әрмен қарай жұмыстар жалғасады және тиісті шешімдер қабылданады.