Елімізде жаңа салық кодексін енгізу мәселесі пысықталып жатыр
Әзірге нақты нормалар мен кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырылмаған. Ал бизнес өкілдері бүгінгі жиында ұсыныстары мен әлемдік тәжірибеде бар әдістермен бөлісті. Салықты жалпы айналымнан емес, тек түскен қаржыдан азайту керектігі айтылды. Себебі кәсіптің өзіне кететін шығын жылдық айналымның тең жартысынан асады екен. Оның үстіне мемлекетке төленетін салықтың мөлшері де тым артық дейді кәсіпкерлер. Егер бұл жүйе өзгермесе қазынаға түсетін қаражаттың басым бөлігін құрайтын үлкен кәсіпкерлер саны азаяды.
Құрмет Әубәкіров, кәсіпкер
-Біз 5% бастасақ дұрыс болар еді. Мысалы Біріккен Араб әмірлігін қарасақ, салықты 5% жеткізіп қойды. Бүкіл төлейтін салығы 5%. Америкада салық қымбат дейді. Бірақ 7% төлейсің. Тек қана таза тапқан ақшаңнан төлейсің.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:
-Мемлекет тарапынан жаңа кодексті жазу жайлы жұмыс тобы құрылды. Қазіргі таңда бұны алып тастау керек немесе қысқарту керек деген сөз тұрған жоқ. Басқа қандай шешімдері бар, құжат арқылы енгіземіз ба, әлде басқа форматқа қосамыз ба? Қазір сол туралы талқылау жүріп жатыр.