Қарағанды шахтасындағы жарылысқа кім кінәлі?
Бұл туралы журналистермен өткен брифингте төтенше жағдайлар министрі, Үкіметтік комиссияның жетекшісі Юрий Ильин мәлімдеді. Айтуынша, сол күні кен арасына жиналып қалған метан газы кенеттен тараған. Осы кезде бұрғылау қондырғысы темірге тиіп, ұшқын пайда болған. Қатты жарылыс толқынынан 5 адам көз жұмып, 4 азамат ауыр жарақат алды. Өкінішке қарай метан газының концентрациясын бақылап, белгі беретін арнайы құрылғы алыста орнатылған. Ал оның жұмысын, жалпы шахтадағы қауіпсіздікті қадағалайтын мамандар жетіспейді. Мысалы, 25 маман жұмыс істейтін жерде 13 инженер еңбек етеді.
Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Үкіметтік комиссия өз жұмысын аяқтады. Шахтадағы апатқа 26 адам айыпталып отыр. Олардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар да бар. Компанияның бас директоры Биджу Наир мен көмір департаментінің директоры Джелсон Батиста. Қазір барлық құжаттар құзырлы органдарға тапсырылды. Қылмыстық жауапқа тартыла ма, айыппұл төлей ма, оны сот шешеді.
Үкіметтік комиссияның қорытындысынан соң компания басшысы Биджу Наир да бірден мәлімдеме жасап, комиссияның кейбір тұжырымдарымен келіспейтінін жазды. Жарияланған ақпаратта: «Өз ұстанымымызды Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы шеңберінде ресми түрде білдіреміз. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы шахтадағы қайғылы оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жалғастырады», — делінген.