Енді отандық сериалдар мен фильмдер қатаң бақылауға алынады
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан көркемдік кеңесі құрылды. Министрдің өзі басқаратын ұжымның алғашқы отырысына телевизия саласының мамандары, режиссерлар, сценаристер мен кино сыншылары қатысып, өз ойларын ортаға салды. Кеңес мүшелерінің айтуынша, қандай дүние болмасын, ең алдымен ол ұлттық идеологияға сай келуі тиіс. Онан соң әлбетте сапаға мән берген жөн. Бұл тұста сала білгірлері «туынды сценариінен бастап, картинасына дейін сүзгіден өтуі қажет», — дейді. Ал министр Дархан Қыдырәлі, отандық сериалдар түсіруге Үкіметтен қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді. Мәселен, биылдың өзінде «Хабар» және «Қазақстан» телеарналары мемлекеттік тапсырыс аясында 20 шақты телехикая түсірген.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
-Айтылған мәселелердің барлығы хаттамаға енгіздік. Таяуда біз Media Week өткіздік. Сонда да осы сериалдарға арнайы талқылау болды. Өте тартысты болды. Желтоқсан айында Oрталық Азия медиа-форумы өтеді. Онда да осы сериалдарды талқылауды жоспарлап отырмыз.