Екібастұзда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Қазіргі уақытта жөндеу бригадалары жылу бармаған нысандарды есептеуге кірісті. Бұған дейін 17 көпқабатты үй жылу желісінен ажыратылғанын айттық. Бірақ кейбіріне жылу біртіндеп беріліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына 40 бригада жұмылдырылған. Ал волонтёрлер халыққа жылытқыштарды таратып, көмек көрсетіп жатыр.
Олег Крук, облыс әкімінің міндетін атқарушы:
- Бір мезетте барлық жерге бригадаларды қоюға мүмкіндік жоқ. Жылу электр станциясындағы желілік судың шығыны көп. Қазір себептерін анықтап жатырмыз. Күндіз 39, түнде 36 бригада тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қосымша 15 бригада бар.