Петропавлдағы жарылған құбыр әлі жөнделіп жатыр
Кеше орталық көшелердің бірінде жер асты құбыры жарылып, асфальтті тесіп шыққан еді. Жан-жаққа жайылған суық су жақын маңдағы үйлердің ауласы мен жертөлелерді басып қалды. Кешеден бері мұнда коммуналдық мекеме қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тұрғындарға тіршілік нәрі арнайы көліктермен жеткізілуде. Ал сыр берген желі былтыр ауыстырылған екен. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 87 млн теңге бөлінген.
Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:
-Сондай-ақ апаттың салдары анықталып жатыр. Себептері толық анықталғаннан кейін, егер де мердігер компания тарапынан жұмыстар сапасыз орындалған болса, онда тұрғындарға келтірілген шығын мердігер компания есебінен төленетін болады және де әкімдік тарапынан біз олармен претензиялық жұмыстар жүргізетін боламыз. Қажет болатын жағдайда сотқа жүгінетін боламыз.