Түркістан облысының екі ауылы 30 жылдан бері ауызсуға зәру
Бірақ геологиялық зерттеу қорытындысы берген тереңдіктен су шықпай, мердігер компания өкілдері кестеден кешіккендерін айтады. Сондықтан жерасты барлау жұмыстарын қайта жүргізіп, 800 метр тереңдікке дейін қазған. Ал таңдайы кепкен халық баянсыз бұрғылаудан мезі болған. Ауылды уақытында ауызсумен қамтамасыз етпегені үшін мердігерге айыппұл салынған.
Гаухар Жораева, ауыл тұрғыны:
– Бастапқыда біз айтқанбыз, бұл жерден су шықпайды. Алдымен суларыңызды қазыңыздар, сосын біздің көшемізді бүлдіріңдер дедік. Одан кейін қазыңдар, біз шыдаймыз дедім, су шықса. Бірақ бізге даже бірде-бір ожау су көрсеткен жоқ. Біз су көрген жоқпыз.
Бақытжан Шырынбеков, Келес аудандық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
– Желтоқсан айында біз қабылдау жұмыстарын жүргізбейміз. Себебі құрылыс-монтаж жұмыстары кешігуде. Ол бойынша біз желтоқсан айында талап-арыз ұсынатын боламыз. Ол талап-арызда айыппұл салынады.