5 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Ал оның нақты 3 миллион гектары аталған комиссияның тікелей араласуымен іске асқан. Бұдан бөлек тұрғындардан тағы 2,5 мыңнан астам өтініш келіп түсіпті. Жиында қайтарылған жерлердің халық арасында әділ бөлінуіне баса назар аударылды. Бұл жұмыстарды бақылау өңірлік комиссияларға жүктелді. Өз кезегінде жерді заңсыз бөлген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі де көтерілді. Болашақта осындай заңсыз фактілерге жол бермеу үшін қатаң шаралар қабылданады.
Ерлан Қошанов, AMANAT партиясының төрағасы:
- Былтыр Президент игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтарып алу туралы Үкімет пен Бас прокуратураға арнайы тапсырма берген болатын. Бұл жұмысқа AMANAT партиясының жанынан құрылған осы біздің «Жер аманаты» комиссиясы да белсенді ат салысып келеді.