ШҚО-дағы Белоусов ауылы қар құрсауында қалды
Ауылдықтар дүкендерге уақтылы азық-түлік жеткізу үшін, арнайы техника жалдауға мәжбүр. Қалың қардың кесірінен жедел жәрдем көліктері де қатынаудан қалған. Былтыр ауыл жолдары уақтылы тазаланып тұрды. Сол кезде жергілікті мердігер кәсіпорынға ауыл халқы дән риза болған. Биыл жаңа компания өз міндетін дұрыс атқара алмай отыр. Ал әкімдіктегілер мердігердің жұмысында еш кінәрат жоқ дейді.
Татьяна Селезнёва, Белоусов ауылының тұрғыны:
- Мемлекеттік сатып алуға жалғыз ғана мердігер түсті. Ол «Жаңғыру» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі деген Тараздық кәсіпорын. Қыс басталмай жатып түрлі қиындықтарға тап болдық, өйткені бұл кезде әлі келісімшартқа қол қойылмаған еді. Техника таппаған соң Өскемен қаласынан субмердігер тауып, қазір солардың күшімен тазартып жатыр.