Екібастұзда құбырлар ауыстырылып жатыр
Шұғыл әрекет еткен мамандар ақауды дер кезінде анықтап үлгерді. Апатты жоюға Петропавлдан келген бригада атсалысты. Ал бұған дейін жылусыз қалған баспаналарда желілерді қалпына келтіріліп жатыр. Коммуналдық апаттан Екібастұз қаласының тұрғыны Баян Жармакиннің үйіне айтарлықтай зақым келді. Зейнеткердің суық үйде бір бөлмеге жылытқыш құралды қосып күнелтіп жатқанына бүгін міне 10 күн болды.
Баян Нұрмакин, қала тұрғыны:
-Мына батареялар қатып, жарып жіберді бәрін. Труба, түгел 7 батарея ма түгелі жарылып кетті. Әкімнің атына өтініш жазып кет деді. Келіп істейміз деген. Істейтін шығар қайдан білейін.
Кезек біртіндеп жекеменшік секторға да жетті. Екібастұз жылу желілерінен келген бригада қатып қалған құбырларды ауыстырып жатыр. Ондағы жылу жүретін трасса толық істен шыққан.
Руслан Сафиулин, инженер:
-Шамамен 230 метрдей құбыр ауыстыру көзделген. Кешке дейін жұмысты аяқтап үйлерге жылу кіргіземіз бе деп отырмыз.
Барлығы 4 жекеменшік үйдің құбырлары ауыстырылады. Бұл ауданда шамамен 20 -30 үйдің құбыры мұз болып қатып қалған. Ал қаладағы жалпы ахуалға тоқталсақ, Екібастұзда қазір жылуға қосылмаған 4 көпқабатты үй қалды.
Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Жеңіс Темірболат