Қызылжарда Садық Әбдіжаппаровтің құрметіне арналған мемориал ашылды
Қан майданға 18 жасында аттанған жауынгер жалғыз өзі Витебск облысындағы Батыс Двина өзенін жүзіп өтіп, пулемётімен 30-ға жуық неміс солдатын жер жастандырған. Елге аман-есен оралған ол соғыстан кейінгі жылдары күш құрылымдарында еңбек етті.
Әбу-Әли Саттар, облыс прокурорының бірінші орынбасары:
-Батыр Әбдіжаппаров Ұлы Отан соғысынан елге абыроймен қайтып Петропавл қаласының прокуратурасында тергеуші болып қызмет атқарған. Бүгінгі жас ұрпақ сол соғыстан кейінгі кезеңде бейбіт өмір үшін қылмысқа қарсы күрес жүргізген батырды ұмытпау керек. Жас мамандар батыр атамыздың ерлігін үлгі тұтып, халыққа адал қызмет ету керек.