Абай қаласының тұрғындары қақаған аязда пәтерлерінде тоңып отыр
Салдарынан тұрғындар электр пештерін қосып, күнелтуге мәжбүр. Ал жауапты мамандар 20 шақырымнан тасымалданатын жылу - жел, аязды күндері төмендеп кететінін айтып отыр. 1986 жылы пайдалануға берілген Абай мен Топар ортасындағы жылу құбыры 80% ескірген, ал насос станциялары 90% тозып тұр. Аталған жүйені толық жаңарту үшін кем дегенде 20 млрд теңге қажет.
Ерғожа Біләлов, Абай қаласының тұрғыны:
- Бізде биыл салқын. Немере келгенде , өзімізде қосамыз, сосын сөндіреміз жылыған соң. Себебі өзіміз зейнеткер болған соң, зейнет аз өзіңіз білесіз.
Жақия Ыдырысов, «Абай жылу жүйелері» ЖШС директоры:
- Көзі 20 км жерден келеді. Ондай жоба еш қалада жоқ. Бар қалада ТЭЦ қала іргешесінде. Қандай температура берсе сол келеді. Ал бізге ГРЭС-тен 95,5 жібереді, мында желді күндері 70-73 градус ғана келеді. 20 градус жоғалтамыз. Ол шеткі үйлерге жеткенше тағы жоғалтамыз.