Қазақстанда көп ұзамай электр энергиясының да тапшылығы сезілуі мүмкін
Елдегі электр желілеріндегі жабдықтардың жартысынан көбі тозған. Оның кесірінен ара тұра бірқатар өңірлер қуат көзінен ажыратылып жатыр. Бәрін ескере келе, атом электр станциясын салу мәселені шешудің тиімді жол дейді жиналғандар. Мамандардың сөзінше, бұл қоршаған ортаны ластайтын қазба отыннан бас тартуға септігін тигізер еді. Әрі электр энергиясы жеткілікті көлемде өндірілсе, қазіргі ең маңызы мәселенің бірі жылу жүйесін ретке келтіру мүмкін болмақ.
Саябек Сахиев, «Ядролық физика институтының» бас директоры:
-Қазір ұсынылып жатқан суық су энергетикалық реакторы ол алғашқысы 1957 жылы АҚШ, ал сол кездері КСРО 1964 жылы ашылған. Бір шұғыл оқиға түгілі ештеңе болған емес. Ең сенімді, кәміл сенуге болатын реакторлардың бірі осы деп есептеймін. АЭС-ті Қазақстан осыдан бірнеше ондаған жылдар бұрын салу керектін. Бірақ әлі де кеш емес. Осыны жөндейтін болсақ, онда Қазақстанның энергетикасы бастан кешіп жатқан жағдайынан мүлдем өзгереді деп ойлаймын.