Қостанайда мемлекеттік бағдарламамен салынған жаңа үйді су басып жатыр
Коммуналдық апат әлі қолданысқа берілмеген баспанада болған. Бұған құрылыс жұмыстарындағы шикілік себеп. Бір қызығы ақауды мердігер ретке келтірмейді. Әкімдік бұның алдында қарағандылық мекемемен міндеттерін орындамағандықтан келісімді үзген. Жалдамалы қызмет көрсетуші келіп, пәтердегі ақауды жөндеу бойынша арнайы акт жасаумен шектелді. Әкімдік өкілдері төтенше жағдайдың салдарын жоюға уәде берді.
Ержан Сүндетов, қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі:
-Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталмағандықтан тиянақты тексерілмеген. Сол Маевск крандары жылу берген кезде қысымнан істен шыққан. Қалпына келтіру жұмыстары 13 желтоқсанға дейін толық аяқталады. Екінші және үшінші үйлердің құрылысы «Марал» ЖШС жүргізілген. Қазір бұл шарттар міндеттемелерді орындамау бойынша бір тәртіппен бұзылған.