СҚО-ның тұрғындары жаппай суық тигізіп ауырып жатыр
Қазіргі таңда 3 балабақша карантинге жабылды. Мамандар тұмаудың өршуін халықтың ауруға қарсы екпе алмауымен және де күннің суытуымен байланыстырып отыр. Соңғы екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар да 2,5 есеге артқан.
Әсет Жұматаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
- Өткен эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда 33% өсуі байқалады. Ең көп ауырғандар саны 14 жас аралықтағы балалар арасында. Яғни 11 688 жағдайды құрайды немесе 66%.