Ислам ұйымы гуманитарлық көмекке басымдық береді
Айтуынша, гуманитарлық көмек туралы арнайы бағдарлама қабылданған. Қазірдің өзінде ұйымға мүше елдер Ауғанстанға қол ұшын созып жатыр. Атап айтсақ, тамақ өнімдерінен бастап су тазалайтын сүзгіге дейін жіберілген. Ендігі кезекте Африка құрлығы тұр, — дейді ұйым өкілдері. Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына 37 ел мүше. Ал ол 2011 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған.
Ерлан Байдәулет, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Қазақстандағы өкілі:
- Біз қазір осы желтоқсан және қараша айында гуманитарлық конвой дайындап жатырмыз. Оған қатысатын елдер Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан және өзіміздің басқа мына Араб елдерінен қатысамыз деген ұйымдар бар. Солармен бірге біз келе жатқан келесі екі айда толықтай осы конвойды жіберуге дайынбыз.