Хабар телеарнасы

Амангелді Айталы өмірден озды

Ол 1939 жылы Астрахан облысы Володар ауданы Болдырево ауылында туған. Жоғары оқу орнын Ақтөбеде оқып, еңбек жолын мектепте орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастады. Философия ғылымдарының докторы, профессор. Бірнеше ғылыми кітап пен жүздеген ғылыми мақаланың авторы. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған. Парасаты мол, рухани тұңғиық азаматтың қазақтың рухани әлемін дамытуға сіңірген еңбегі өлшеусіз. Президент Қасым-Жомарт Амангелді Айталының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.