Келер жылы Қазақстанда демографиялық өсім болуы мүмкін
«Былтыр бізде 450 мыңнан астам сәби дүниеге келді. Өсім сақталады деген болжам бар. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мүшелерінің айтуынша, елімізде әлеуметтік нысандар саны да қарқынды артуы тиіс. 2019 жылы БҰҰ-ның халықтар мен халықтар туралы болжамы жарияланды. Оған сәйкес 2100 жылға қарай еліміздегі адам саны 28 млн-ға дейін болмақ. Бұдан бөлек елімізге мигранттардың келуін де көріп отырмыз. Сондықтан демография мәселесі маңызға ие», — деп атап өтті саясаттанушы, қоғамдық даму мәселелері бойынша сарапшы Жұлдызай Ысқақова.