2025 жылға дейін 5G жиілігі барлық облыс орталығында пайда болады
Оның айтуынша, «Мобайл Телеком Сервис» Серіктестігі мен «Кселл» АҚ консорциумы 3 жарым мыңнан астам базалық станцияны іске қосуы тиіс. Осылайша 2027 жылға қарай республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының көбі жылдам интернетпен қамтылады.
Асхат Оразбек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:
-2022 жылдың соңында республикалық маңызы бар үш қалада Алматы, Астана және Шымкентте 5G желісін іске қосу жоспарланған. 2025 жылға дейін еліміздің барлық облыс орталығына желі таратылатын болады.