Абай туралы тың зерттеулерді қамтитын 24 кітаптың тұсауы кесілді
Сонымен қатар, 43-ші қара сөзіндегі «қозғалыс элементі», «біртектес тартымдылық күші», «жүректің сезімталдығы» терминдерін зерттеп, алғаш рет толық түсінік берген ғалым. Түрік әлеміндегі абайтанушыларының басы бірігіп, Ұлы Абай туралы 13 сериялық бірегей жаңа зерттеулер жарық көрді. 40 қағидат қамтылған «Толық адам» жайында жаңа тұжырымдама жарияланды.
Тұрсын Жұртбай, Абайтанушы
- 70-тен астам кітап шығарғанда, телміріп терең ойдың соңына ергенде, осы Абай туралы 4 жылғы еңбектің аяқталу тұсында толық ақыл санам орнықты. Абайды оқу, түсінудің жаңа бір жүйесін тапқан сияқтымыз. Дүниені қабылдаудағы барлық сатылар Абайда қамтылған.