СҚО-да Мағжан Жұмабаев ауданы білім бөлімінің басшысы күдікке ілінді
Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Естеріңізге салайық, ұсталған шенеунік 2020 жылы қалалық білім бөлімін басқарып тұрған кезде оның күйеуі Петропавлдағы екі балабақшаны сенімді басқаруға алып, сынның астында қалған болатын. Тексерістен кейін мектепке дейінгі білім беру мекемелері қайтадан мемлекет қарауына қайтарылып, Рамазанова қызметінен босатылды.
Айдос Жүнісов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының міндетін атқарушы:
- Білім бөлімінің басшысы Рамазановаға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қазіргі таңда Петропавл қаласындағы мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен Рамазанова қамауға алынды.