Хабар телеарнасы

Петропавлда жылу компаниясы негізсіз пайда тапқан

Бұл туралы жыл қорытындысына арналған брифингте табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысов мәлімдеді. Оның айтуынша, монополистің есебін тексеру кезінде 1 млрд теңгеге жуық ақшаға жоспарланған жұмыстардың орындалмағаны белгілі болды. Атап айтсақ, жылу электр орталығында жылу және турбо агрегаттар жөнделмеген. Сонымен қатар сорғы станциясының қондырғылары ауыстырылмаған. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін енді тариф өзгеріссіз қалатын болды.

Дамир Тоқтамысов, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:
-Олардың жоспары бойынша жылу энергиясымен жабдықтау қызметіне 10% өсу жоспарланған. Ұзақ мерзімді тарифтер шеңберінде. Алайда мынау инвестициялық бағдарламаны және де тарифтік сметадағы баптарды орындамағаны үшін департмент тиісті шараны қабылдап, сол бекітілген тарифті төмендетіп, қолданыстағы деңгейде қалдырды./