Хабар телеарнасы

Маңғыстау облысында аққуларды тамақтандыру акциясы басталды

Аққуларға арналған азық қоспасына негізінен арпа, бидай және сәбіз бен орамжапырақ пайдаланылған. Биыл өңірде қыс әдеттегіден суық болып тұр. Салдарынан Қаракөлдің жағалай мұз қатып, әсіресе жас аққуларға азық табу қиынға соғып отыр. Экологтар суық ауа райы әлі де сақталатын болса, мұндай акцияны жалғастыра береміз дейді.

Ғаббас Досатов, Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
-Арнайы мамандардың қандай қорек беру керектігін ескере отырып, арпа, бидай, орамжапырақ, сәбіз, картоп сияқты өнімдерді аққуларға көлге қайықпен шығып, жағалаудағы мұздың үстіне шаштық. Көмек көрсеткен табиғат жанашырларына қорекпенен, сосын мына балық инспекциясы мекемесі қайықпен көмектесті ондай азаматтарға рақметімізді айтамыз.