Шымкентте 10 мыңға жуық абонент көгілдір отын мен жылусыз қалды
Салдарынан Наурыз, Тұран, Түркістан, Бам, Нұрсәт, Қайтпас шағын аудандары мен әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үйлер газдан ажыратылды. Одан бөлек осы аумақтағы кәсіпкерлік нысандары жылусыз отыр. Апат салдарынан бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің қазандықтары жылу беруді тоқтатты. «ҚазТарансГаз» мекемесінің мамандары жөндеу жұмыстары аяқталады деп отыр.
Эльдар Қуандықов, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бөлімі басшысының орынбасары:
- Шымкент қаласы Бәйдібек би көшесінде диаметрі 500-дік газ құбырында газ шығыны анықталды. Бүгінгі таңда апаттық жағдайларға байланысты газды өшіру жұмыстарын атқарып, қайта қалпына келтіріп жатырмыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Барлық қала тұрғындарына қосылып тұрған газ қондырғыларын өшіріп қоюын сұраймыз. Себебі кешке газбен қайта жабдықтау жұмыстары жалғасады.