Семейде қар мен мұзды тазартып үлгере алмай жатыр
Себебі, арнайы техника жетіспейді. Қазір қаладағы тазалық жұмысына бар болғаны 100-ге жуық көлік тартылған. Бұл өте аз. Жергілікті әкімдіктің есебінше, шаһар дер кезінде тазалануы үшін 300-ге жуық арнайы техника мен осынша жұмысшы қажет. Қала билігі түйткілді мәселені мердігер компаниялардың санын ұлғайту арқылы шешуді жоспарлап отыр.
Әділбек Увасилов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:
- Мердігер компанияға қатысты қиындық бар. Кешігіп қалады, қазір біз қаланы бес лодқа бөліп, бес конкурс өткізуді жоспарлап отырмыз. Соған сәйкес 5 мердігер компания болады. Конкурс аяқталған соң белгілі болады.