Павлодар қаласында жылу құбыры жарылды
Желілерді қатырып алмау үшін жалпы қалаға жылу беріліп жатыр. Үйлерде температура қалыпты деңгейде. Жұмыс түні бойы жалғасты. Биылғы қыс Екібастұздың ғана емес, облыс орталығындағы жылу желілерінің де беріктігін сынап жатыр. Жылу маусымы басталғалы Павлодардың оңтүстік бөлігінде құбыр 197 мәрте жарылыпты. Ал солтүстік аймақта оннан аса ақау анықталған.
Павел Плетков, жылу желілері кәсіпорны бас инженерінің орынбасары:
- Жылу желілеріндегі ақау шыққан жерді қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Жарылған құбырдың диаметрі 108 мм, жалпы ұзындығы шамамен 15 метр. Жылу параметрлері сақталған. Ішкі жүйе қатқан жоқ.