Алматыда карикатура көрмесі ашылды
70-ке келген суретшінің ерекше қолтаңбасы тек көркемдік салада ғана емес, ақын-жазушылар, ғалымдар мен саясаткерлер арасында жақсы таныс. Себебі Еркін Нұразханның шығармаларының арасынан кез келген қоғам қайраткері өзінің әзілмен астарланған бейнесін көре алады. «Күлкінің артында мазақ емес – мазасыздану, жазғыру емес – жан ашу жатқанын түсінерсіз», — дейді суретші. Мұнда 200-ден астам сурет қойылды. Көрме айдың соңына дейін жұмыс істейді.
Еркін Нұразхан, ҚР Мәдениет қайраткері, карикатурашы-суретші:
-1982 жылы «Қазақ әдебиетінен» бастап жариялана бастадым. «Әпенді әзілдері» деп. Сонда мынау өзіміздің жазушылар, өнер қайраткерлері, ғылым қайраткерлеріне әзіл суреттерін сала бастадым. Сол кездегі бас редактор Шерхан Мұртаза өте назар аударып қолдап, осы үнемі апта сайын салып тұруымды талап етті. Біртіндеп, біртіндеп суреттер жиналды