Өскемендегі магистрант қоқыс сұрыптауға ақылды кешен ойлап тапты
Сканер қоқыс құрамын анықтап, пластик, қағаз немесе құрылыс қалдықтарын тастайтын контейнердің қақпағын ашады. Онда өткізілген қоқыс үшін төлем жасайтын QR-терминал да орналасқан. Бұл жүйе қажетті қуатты күн мен жел энергиясынан алады. Қондырғыны орнату үшін шамамен 2 млн теңге қажет. Коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері жобаның экономикалық тиімділігін есептеуге кірісті.
Дәулетбек Ағзам, өнертапқыш:
-Тұрғындар қалдықты 4 пакетпен әкеліп, осы сенсорға көрсетсе, әртүрлі жәшіктерді ашып береді және де сол әкелген қоқысты бұл смарт-кешен өлшеп, салмағына қарай нарықтағы бағасы арқылы QR-кодпен телефонына бонус қып түсіріп береді. Тағы да бір артықшылығы – ол бізде жаңбырдың тамшылары арқылы да энергия өндіреді.