Хабар телеарнасы

БҚО халқы канал суын ішуге мәжбүр

Ал ол жерден мал да, түз тағылары да шөлін басады. Мұның салдарынан түрлі дерт дендеу қаупі бар. Алайда ауылда каналдан басқа су көзі жоқ. Жерасты су деңгейі күрт төмендеп, құдықтар жарамсыз қалған. Аудан орталығынан арнайы техникамен су тасымалдау тиімсіз. Ауылда 20 шақты үй бар. Барлығы мал шаруашылығымен айналысады. Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, былтыр Аққұс елді мекеніне модульді сорғы станциясын орнатуға қаражат бөлінген. Алайда қазылған жерден ащы су шыққан көрінеді. Келеңсіздікке байланысты әкімдік жобаны тоқтатып, қаражатты бюджетке кері қайтаруға мәжбүр болған. Енді қайтадан жер қойнауын зерттеу жұмыстары жүргізілмек. 

Мұрадым Ішенғалиев, Аққұс ауылының тұрғыны:  
-Міне, каналдан ішіп отырмыз ғой алып. Бітіп жатыр су уже. Мал ішеді, адам ішеді, бәрі ішеді. Водовозбен сатады, иә. 15 мыңнан құйдыратын сияқты құдығы барлар. Өзімде құдық жоқ, құйдырмаймын.

Ерлан Қажиев, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары:  
-Жүзеге асырған кезде орнататын мекемелер су ащы деп, біздер қоя алмадық. Біздер қойып тастайтын едік, бірақ көзбояушылық қой. Сапалы жұмыс істеу керек, сол жаңағы қондырғыны қозғамай, ақшасын жұмсамай, кері қайтардық. Ертең Ақтөбеден мамандар келгесін дұрыстап бәрін есептеп, санап, жақсы қондырғы орнатуды көздеп отырмыз көктемде.