Қарағанды облысы өндірістік жарақат бойынша көш бастап тұр
Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Еңбек инспекциясының ақпаратынша, өткен жылы шамамен 150 адам жұмыс орнында жарақат алған. Төтенше жағдайлардың көбі «Арселор Миттал Теміртау» комбинатында болды. Өткен жылы онда 13 адам көз жұмды. Сондықтан қоғамдық кеңес мүшелері заңға бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Ал күні кеше комбинаттың газ құбыры опырылып құлаған еді. «Компания өкілдері мәселе шешілді», – дейді.
Евгений Буслаев, көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы:
- Өндірістік қажеттіліктерді жаңартуға келсек, компания қырық сылтау айтып, қаржы бөлмейді. Сондықтан мемлекеттік ұйымдардың аталған құрылғыларды тексеріп, қажет жағдайда ауыстыруға міндеттейтін құқығы болуы тиіс. Қауіпті өндірістік объектілерде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін техникаларды қаржыландыру мәселесін заңмен бекіту керек.